Жыл сайын 20 мамырда Дүниежүзілік травматология күні атап өтіледі

20.05.2025

Травматолог-дәрігері мамандығы – бұл зейінді, тез және салмақты жауапты шешім қабылдауды, жоғары біліктілік пен тәжірибені талап ететін нағыз кәсіп. Көбінесе науқастың денсаулығы ғана емес, оның өмірі де білікті мамандардың қолына байланысты.
Бүгінгі таңда біздің ауруханада 11 травматолог-ортопед жұмыс істейді.
Травматология-ортопедия бөлімшесінде озық, инновациялық технологиялар, оның ішінде эндопротездеу және ревизиялық эндопротездеу, крест тәрізді байламдардағы реконструктивтік операциялар, ірі буындардың емдік-диагностикалық артроскопиясы, аяқ-қолдардың сынуы кезіндегі жабық аз инвазивті остеосинтез технологиялары және басқалар қолданылады.
Барлық травматолог дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз және Сіздердің қиын жұмыстарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз! Бұл күні біз травматологтарға қажырлы еңбектері үшін алғыс айтамыз және барлығына денсаулық пен табыс тілегіміз келеді!



Лицензия 00986DS

Доступность