Жыл сайын 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі

07.04.2023

Денсаулық — қоғамның табысты дамуының негізі, прогрестің кепілі. ДДСҰ анықтағандай, денсаулық жай ғана аурудың болмауы емес — бұл толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы, ол 20% тіршілік ету ортасына, 20% тұқым қуалаушылыққа, 50% өмір салтына және денсаулық сақтау жүйесінің тек 10%-на байланысты. Халықтың әл-ауқатының өсуіне байланысты денсаулыққа негізгі қауіптер мінез-құлық факторларына ауысады: темекі шегу, алкогольді теріс пайдалану, көп қозғалмайтын өмір салты, дұрыс емес тамақтану.Адамның денсаулығы ең алдымен өзіне байланысты. Уақтылы алдын алу, салауатты өмір салты, өзіне және айналасындағыларға жауапкершілікпен қарау, денсаулық пен қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тауарлар мен қызметтерді таңдау, мұның бәрі денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің, аурулардың алдын алудың қажетті шарттары болып табылады.

Дүниежүзілік денсаулық күні адамдарды дұрыс тамақтануға, темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартуға, дене шынықтырумен айналысуға, белсенді демалыс түрлеріне қатысуға және т. б. бағыттауға арналған.  7-10 сәуір аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау бол!» кең ауқымды акциялары өткізіледі. Бүгін осы акция аясында Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының құрылымдық бөлімшелерінде аурухана пациенттері мен қызметкерлері арасында таңертеңгілік жаттығулар өткізілді, тренингтер, дәрістер, денсаулықты нығайту туралы әңгімелер өткізу жоспарлануда.

Accessibility