«Жұмыс орнындағы апаттық жағдай» тақырыбына семинар-тренинг  

30.01.2018

 

    ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның медициналық және медициналық емес жұмыскерлер арасында  эпидемиологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін сақтау мақсатымен, 2018 жылғы 17-қаңтарда «Жұмыс орнындағы апаттық жағдай. Постконтактілі алдын алу» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингті эпидемиолог дәрігер С.Н.Ардабаева, қабылдау бөлімшесінің медициналық қызметкерлері өткізді.

     Медициналық персоналдың жұқтырулары табиғи жұқтыру механизмі, сонымен қатар артифициалды (жасанды), жұқтыру механизмі арқылы өтеді. Парентеральдық берілу жолы, атап айтқанда артифициалды берілу механизмі, инвазивті диагностикалық және емдік процедураларға, парентералдық араласуменен байланыстырылады. Қан арқылы жұқтыру тәуекелі аса жоғары. Қанмен байланысқа түскенде 30 жұқпадан астам берілуі мүмкін.

      Семинар-тренингтің мақсаты медициналық қызметкерлерді диагностикалық және емдеу шараларын жүргізу барысында, кәсіби тәуекелін алдын алып және түсіру, вирус гепатиттері және ВИЧ-инфекциямен кәсіби жұқтыруын алдын алу.

      Апаттық жағдай – жұқпалы материал мен басқа биологиялық субстраттардың зақымдалған/зақымдалмаған теріге, сілемейлі орындарға немесе жарақат жағдайда түсуі.

       Постконтактілі профилактика – ВИЧ-ті жұқтыру туындаған жағдайда (қызметтік міндетін орындау барысында, жыныстық қатынас немесе басқа да жағдайларда болған жағдайда) жұқтыру тәуекелін төмендету мақсатымен антиретровирусты препараттарын қысқаша қабылдау курсі.

        Ауруханада инфекцияның таратылуын алдын алу қызметі:

        -жеке қорғаныс құралдарын қолдану арқылы инфицирленген заттармен контактқа түсу қауіпін жою, бір рет қолданысты медициналық бұйымдарын қолдану, жоғары және орта деңгейлі дезинфекцияны өткізу, зарарсыздандыру сапасын арттыру:

        -қауіпсіз практиканы қолдану, яғни парентералды араласуларды төмендету:

         -еңбекті қауіпсіз ұйымдастыру:

        -персоналды емдеу-диагностикалық манипуляцияларды, инфекция профилактикасын өткізуінде эпидемиологиялық қауіпсіз алгоритмін енгізу әдістерін үйрету болып келеді.

IMG_0148

Accessibility