Иммунизация дегеніміз не?
Иммунизация немесе вакцинация – адам ағзасына нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында, аурудың жұғуының алдын алатын немесе оның кері әсерін азайтатын вакцина салу.
Вакцина дегеніміз не?
Вакцина – белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышқа арнайы ағза төзімділігін (иммунитетті) құруға арналған тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген микроағзалар немесе олардың өнімдері.
Вакцинадан кейінгі реакция деген не?
Вакцинадан кейінгі реакция – иммунитеттің қалыптасу үдерісін көрсететін, бөгде антигенге адамның иммундық жүйесінің қалыпты жауабы.
Вакцинадан кейінгі реакцияның қандай түрлері бар?
Вакцинадан кейінгі реакция вакцинаға байланысты:
Жалпы түрде: дене қызуының көтерілуі, ауырсыну, дененің бөртуі, қабыну және т.б.Жергілікті түрде: қызару, ісіну, иненің орнының қатаюы (инфильтрат),аллергиялық реакция және т.б. болуы мүмкін.
Вакцинадан кейінгі асқыну дегеніміз не?
Вакцинадан кейінгі асқыну – патологиялық үдеріс түрінде көрінетін вакциналық реакция.
Біздің елімізде иммунизацияны қолдайтын қандай бағдарламалар бар?
Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі 21инфекциялық ауруға қарсы алдын алу шараларын қарастырады және
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі — ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес. Халықты иммундау тегін жүргізіледі және вакцинацияға ДДҰ сертификаттаған, яғни сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады.
Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі дегеніміз не?
Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі –азаматтарға профилактикалық екпе жүргізудің мерзімі мен ретін белгілейтін нормативтік-құқықтық акт.
Екпені қайда жасатуға болады?
Түрғылықты мекенжай бойынша емханада немесе пациенттің қалауымен кез келген ақылы клиникаларда жасатуға болады.