Инсульттын алдын алу Тест «FAST» — «Бет — Қол – Сөйлеу»
Инсульт — бас миға қанның келуі тоқтаған жағдай, артериялардың жабылып қалуы немесе тамырдың қабырғасы жарылып қан құйылғанда жүйке жасушасының өлімі немесе зақымдалуы болады; имдың қанайналымы бұзылуының тез дамитын, мидың ұлпаларының зақымдалуы мен оның қызметінің бір уақытта бұзылуы.
Дүниежүзілік денсаулықсақтау Ұйымы инсультты ғаламдық эпидемия деп жариялады. Өліммен аяқталатын саны бойынша инсульт миокард инфаркттынан кейін тұрақты екінші орынды иеленеді.
Тест «FAST» — «Бет — Қол – Сөйлеу»
Үй жағдайында инсультты диагностикалаудың қарапайым әрі сенімді тесті бар (инсультты 80% жағдайда диагностикалауға мүмкіндік береді). Ағылшын тілді әдебиеттерде бұл тест FAST тест (Face-Arm-Speech-Test, аударғанда «Бет-Қол-Сөйлеу-Тест) деп аталады.
Бұл тесттің маңызы келесіде:
- Науқас адамнан күлуді немесе тістерін көрсетуді сұрайды. Инсульт кезінде беттің білінетін асимметриясы болады (бет бұрышы бір жағынан «салбырап тұрады»).
- Науқасты екі қолын 5 секунд 90° та көтеріп ұстап тұруын және отырған күйде 45°және жатқан күйде тұруын сұрайды. Инсульт кезінде қолдың біреуі құлайды.
- Науқасқа жай сөз айтуды өтінеді. Инсульт кезінде науқас жай сөзді анық және дұрыс айта алмайды, оның сөзі түсініксіз, ұғынықсыз болады. Осы симптомдардың біреуі болған жағдайда дереу жедел жәрдем шақырту қажет, көмек жылдам көрсетілсе, соған орай қалпына келу де мүмкіндігі көбірек болады. Салауатты өмір салтын ұстанғанда және алдын алу шараларын өткізгенде инсультты болдырмауға болады (медқаралулардан өту);
Инсультты алдын алу СӨС негізгі ұстанымдарына негізделген:
— зиянды әдеттерден бас тарту (шылым шегу, алкоголь, наркотик);
— дұрыс тамақтану (тамақтанудың дұрыс рационы, жемістер мен көкөністерді көп қолдану, толық дәндерден жасалған тамақтар, майлы емес ет, балық және бұршақ өнімдері, тұзды, қантты және майды шектеп қолдану);
— ретті физикалық белсенділік;
—еңбек және демалыс режимін сақтау.