Кардиологиялық орталығында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді
2024 жылғы 14 маусымда Луначарский көшесі, 1 мекенжайындағы Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының акт залында Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты іс-шара өткізді, онда Павлодар облысының үздік медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.
«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен орталықтандырылған клиникалық-диагностикалық зертхананың зертханашысы Л.Ж.Балтабаева марапатталды.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылдық жұмысы, халықтың денсаулығын нығайтуға қосқан жеке үлесі үшін ҚР ДСМ, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Құрмет грамоталарымен аурухана директоры Мусабеков А.Т., күндізгі хирургиялық стационарының меңгерушісі Байдилова Г.К. гематология бөлімшесінің аға медбикесі Аубакирова Г.Б., анестезиология–реанимация бөлімшесінің медбикелері Мидушкина Б.В. және Катьетова Е.В. марапатталды.
Лицензия 00986DS