«Каустик» АҚ еңбек ұжымымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу
«Каустик» АҚ акт залында еңбек ұжымымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге қатысты ақпараттық — түсіндіру жұмыстары бойынша кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.
Аталған кездесуде ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМҚ директор м.а. А.Т.Мұсабеков және халықты ақпараттандыру және «әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының өтініштерін қарау жөніндегі бас сарапшы В. Е. Сафронова қатысушыларға 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС енгізуге дайындығы туралы, МӘМС негізгі аспектілері және неге енгізілуде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің(ТМККК) жаңа пакеті және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық үшін бірыңғай жиынтық төлем туралы, аударымдар мен жарналар тәртібі туралы: МӘМС кім, қашан және қанша төлейтіні туралы айтты.
Спикер Татьяна Сафронова «Каустик» АҚ ұжымын ТМККК және МӘМС жаңа моделін кезең-кезеңмен жүргізу негізінде медициналық қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру жоспарланғаны туралы таныстырды. Кездесу барысында спикерлер дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, МӘМС аясында медициналық көмек көрсету бойынша қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді. (барлығы 108 адам).