«Кене энцефалиті. Құтыру»

18.04.2019

2019 жылғы   сәуірдің 17-де  Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының конференц-залында   аурухананың медицина қызметкерлеріне арналған кене энцефалитін алдын алуда «Кене энцефалиті. Құтыру» атты  семинар өткізілді.

Семинарды аурухананың эпидемиолог дәрігері С.К.Оспанова жүргізді.

Семинар барысында кене энцефалитінің және лейшманиоздың клиникасы, диагностикасы және алдын алу сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар, семинарда медицина қызметкерлері құтыру бойынша ҚР мен облыстағы эпидемиологиялық жағдаймен  және құтырудың  белгілері, клиникасы мен диагностикасы, сондай-ақ оның алдын алуы таныстырылды.

Аталмыш семинардың мақсаты кене энцефалиті, лейшманиоз, құтыру ауруларының клиникасы және диагностикасы, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды жүргізу мен жануарлар тістеген адамдарға  алғашқы медициналық көмек көрсету,   антирабикалық вакцина және иммуноглобулин тағайындауда мамандардың біліктілігін арттыру.

IMG-20190417-WA0014 IMG-20190417-WA0016 IMG-20190417-WA0013

Accessibility