Киберқауіпсіздіктің өзекті мәселелері. Сандық дәуірдегі қаржылық сауаттылық

09.09.2025

Қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстарын күшейту мақсатында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында медицина қызметкерлері арасында қаржылық сауаттылық және киберқауіпсіздік бойынша дәрістер өткізілді. Аурухананың цифрландыру және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.В. Жевлаков, цифрлық дәуірде киберқауіпсіздік және қаржылық сауаттылықты арттырудың өзекті мәселелері туралы ақпарат берді. Қаржылық алаяқтықтың негізгі түрлері, олармен күресу жолдары қарастырылып, оларды заңсыз әрекеттерден қорғау және әл-ауқатын жақсарту мақсатында халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың нұсқалары ұсынылды. Қаржылық алаяқтық барлығына қатысты, алаяқтықтың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: белгілі бір телефон нөміріне ақша аударуды сұрайтын қоңыраулар мен мәтіндік хабарламалар; оңай және тез көп ақша табу ұсынысы бар спам; қаржылық пирамидалар; фишинг; фарминг; скандинавиялық аукцион.

Лицензия 00986 DS

Доступность