Коронавирустық инфекцияны анықтау стандарты. Тұмау және басқа жедел респираторлы вирустық инфекцияларын алдын алу.
Бүгін, 2020 жылдың 29-қаңтарында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-ның перинаталды орталығында эпидемиолог С.К.Оспанова орталықтың медицина қызметкерлері үшін «Коронавирустық инфекцияны анықтайтын стандарт. Тұмау мен басқа жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алу» тақырыбына семинар өткізді.
Семинар барысында тұмаудың, жедел респираторлы вирустық және коронавирустық инфекциялардың алдын алу және қорғау әдістері туралы, коронавирустық инфекцияны анықтау стандартына ақпарат берілді, сондай-ақ суық тию, жөтел, ішектің ауыруы, кеуде қуысының қысылуы сияқты белгілер коронавирустық инфекцияларға тән және пневмония және бронхитке ұқсас белгілер. Иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, балалар мен қарттарға қауіп төндіреді.
Қазіргі уақытта, перинаталды орталықта жедел респираторлы вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымында медициналық қызметкерлер үшін әр үш сағат сайын ауыстырып отырып, бір реттік маскаларды қолдану режимі енгізілді.