«Коронавирус. Белгілері. Алдын алу» атты семинар
2020 жылдың 27 қаңтарында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК мәжіліс залында «Коронавирустық инфекция. Белгілері Алдын алу» атты семинар өткізілді.
Семинарды аурухананың инфекционист дәрігері А.А.Мухаметханова жүргізді
Жаңа коронавирустың өршуі алғаш рет өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында болды. Қазіргі уақытта вирус Қытайдан тыс жерде таралды, инфекциялар Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, АҚШ-та, Таиландта, Сингапурда, Гонконгта және Австралияда тіркелді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі комитет, коронавирус тудырған пневмониядан, Қытайда 80 адам көз жұмып, 2,7 мың адам жұқтырды. Қазақстанда Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Бұл жағдайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үнемі қадағалап отырады.
Вирустың таралуын болдырмау үшін ел тұрғындарына Қытайға сапар шегуден уақытша бас тарту ұсынылады.
Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус суық тию, жөтел, тамақ ауруы және кеудедегі қысылу сезімімен сипатталады, пневмония мен бронхитке ұқсас белгілер байқалады. Иммундық жүйесі әлсіреген адамдар, балалар мен қарттарға қауіп төнеді.
Қазіргі уақытта ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК-да жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымын ескере отырып қызметкерлердің үш сағат сайын ауыстырып отырып, бір реттік маскаларды қолдану режимін енгізілді.