Крест тәрізді байламдардың артроскопиялық пластикасы

05.12.2023

Тізе буынының алдыңғы крест тәрізді байламының артроскопиялық пластикасы — крест тәрізді байламының жыртылуы мен зақымдануын емдеудің бір әдісі. Алдыңғы крест тәрізді байламының (АКБ) артроскопиялық пластикасы — заманауи және тиімді операция (кішігірім кесулер арқылы жасалады) — тізе буынының қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге көмектеседі. Сіз оны МӘМС аясында тегін негізде Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының травматология-ортопедия бөлімшесінде жасай аласыз.
Тізе буыны адам ағзасындағы ең үлкен буын және көбінесе жарақатқа бейім. Тізе буынының барлық байламдарының ішінде алдыңғы крест тәрізді байламы (АКБ) жиі жарақат алады, мысалы, алдыңғы крест тәрізді байламының жыртылуы артқы крест тәрізді байламының жыртылуынан 15-30 есе жиі кездеседі. Көбінесе алдыңғы крест тәрізді байламның зақымдануы спортпен шұғылдану кезінде, айналмалы немесе жанасу механизмі болған кезде пайда болады: футбол, баскетбол, волейбол, хоккей, күрес. Қанмен қамтамасыз етудің құрылымы мен ерекшеліктеріне байланысты – АКБ-ның толық зақымдануы өздігінен біріктірілмейді. Оларды емдеудің негізгі әдісі – артроскопиялық пластика. Крест тәрізді байламдардың пластикасы зақымдалған байламды өз тіндерінің трансплантациясымен немесе синтетикалық материалмен алмастыруды білдіреді.
Алдыңғы крест тәрізді пластикасы бойынша операцияның мақсаты — пациентті мүмкіндігінше тезірек қажетті физикалық белсенділік деңгейіне қайтару, өмір сүру сапасын жақсарту және бірінші кезекте тізе артрозын қамтитын асқынуларды болдырмау. Байламдар пластикасы қазіргі заманғы спорттық медицинада алдыңғы крест тәрізді байламдардың зақымдануын емдеудің «алтын стандарты» болып табылады.

Лицензия 00986 DS



Accessibility