Кім, қашан, қанша төлейді? МӘМС қатысушысы болу үшін не істеу керек?
16.04.2019
2020 жылғы қаңтардың 1-нен бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіледі.
Кім, қашан, қанша төлейді? МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек? Кім жеңілдікті санаттарға жатады? Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында МӘМС туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша дөңгелек үстел барысында Семей қаласының Д.Калматаев атыңдағы мемлекеттік медицина колледж студентерімен бірге барлық осы сұрақтар 2019 жылдың сәуірдің 15-де қаралды.
Осы ақпараттық жұмысты орталықтын медициналық бикесі А.Т.Наскенова өткізді.