Күн радиациясынан қалай қорғануға болады?

07.06.2023

Жаздың басты артықшылықтары қандай? Әрине, күн, жақсы ауа-райы, табиғаттағы белсенді демалыс, күнге күю. Көптеген адамдар күнге күйгенді ұнатады және демалыс кезінде теңізге баруға тырысады. Алайда күн, жарық пен жылудан басқа, біздің планетамызға адам денсаулығына зиян келтіретін радиациялық ультракүлгін сәулелер беретінін есте сақтаған жөн. Әсіресе өсіп келе жатқан ағза жағымсыз әсерге ұшырағыш келеді.
Күн радиациясы – әртүрлі биологиялық белсенділігі бар көрінетін және көрінбейтін спектрдегі сәулелер ағыны.
Адам ағзасына күн сәулесінің ұзақ уақыт әсер етуі жағдайында теріде өте ауыр күн күйіктері пайда болады. «Бәріне ультракүлгін сәулелену кінәлі», — дерсіз. Ультракүлгін – күн радиациясы деп аталатын күннің қатты сәулеленуінің бір түрі.
Дәрігерлер күн сәулесінде болатын ультракүлгін сәулеленудің зияны туралы жиі ескертеді. Күн сәулесінің теріге әсер етуінің ең қауіпті салдарының бірі – терінің қатерлі ісігі.
Сондықтан күн радиациясынан қорғану мақсатында мыналарды ұсынамыз:
1) күн ванналарын тек қауіпсіз сағаттарда қабылдаңыз: 10.00-ге дейін және 16.00-ден кейін.
2) арнайы сапалы күннен қорғайтын көзілдірікті пайдаланыңыз.
3) белсенді сағаттарда кең шляпаны киіңіз, дененің ашық жерлерін киіммен жабыңыз, көлеңкеде көбірек болуға және жүруге тырысыңыз.
4) егер сіз белсенді күнде болуға мәжбүр болсаңыз, күннен қорғайтын сүзгілері бар жоғары сапалы арнайы кремдерді қолданыңыз, арнайы киім сатып алып, денеңізді мақта немесе зығырдан жасалған киіммен мүмкіндігінше жабуға тырысыңыз, күнге қарсы арнайы қолшатыр сатып алыңыз.
5) ашық күн астында жүрген кезде мүмкіндігінше көп мөлшерде сұйықтық ішу өте маңызды;
6) тікелей күн сәулесінен аулақ болыңыз, ағаштардың, шатырлардың, қолшатырлардың көлеңкесінде болыңыз;
7) теріңіздің жай-күйін үнемі тексеріп отырыңыз: кез-келген жара, безеу, қыртыс және терінің құрылымы назар аударуды қажет етеді.

Ашық күн астында болар алдында не істемеу керек?
1) солярийге бару (солярийдің шамдары ұзақ уақыт ашық күн астында болудың канцерогендік әсерін күшейтеді);
2) күн қызуын алмастырғыш кремдерді қолдану (күн қызуын алмастырғыштар терінің кератинденген жоғарғы қабаттарына ғана әсер етеді);
3) тағамдық қоспаларды тұтыну (тағамдық қоспалар сізді ультракүлгін сәулелерден қорғай алмайды және жаңа маусымдық жемістер мен көкөністерді алмастыра алмайды);
4) кейбір дәрі-дәрмектерді, дезодоранттарды және хош иістерді қолданғанда абай болу (олар терінің қорғаныш қасиеттерін әлсіретіп, аллергиялық реакция тудыруы мүмкін).
Барлық құралдар қосымша қорғаныш үшін жақсы! Есіңізде болсын: ең әдемі тері – сау тері!

Accessibility