«Лор патологиясындағы бассүйекішілік асқынулар» тақырыбы бойынша мастер-класс өтті.
07.06.2016
2016 жылғы 31-мамырдан 2016 жылғы 2-маусымға дейін Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухананың оториноларингологиялық бөлімшесі базасында «Лор патологиясындағы бассүйекішілік асқынулар» тақырыбы бойынша мастер-класс өтті.
Мастер-классты профессор, м.ғ.д., Астана қаласының штаттан тыс бас оториноларингологы, Астана қ., №1 Қалалық аурухананың Оториноларингология орталығының меңгерушісі Гүлмира Аманжайқызы Махамадиева өткізді.
Мастер-класс шегінде ортанша құлаққа есту қабілетін жақсарту оталары жасалды:
-титан протезін қолдану арқылы 2 және 3 типті тимпанопластика
-эндоскопиялық полисинусотомия
-мұрын синусының алмұрт тәрізді кистаны алу