Марапатпен құттықтаймыз!
21.06.2017
Медицина қызметкерлері күніне орай №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының реаниматолог дәрігері Торғын Хәкімқызы Төлеуованы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі) «Еңбек ардагері» (Ветеран труда)медалімен марапаттады.
«Еңбек ардагері» медалі экономиканың түрлі сала қызметкерлерін және еңбек өтілі 40 жылдан астам зейнеткерлік жасқа жеткен, оның ішінде 10 жылдан кем емес бір салада жұмыс істеген, сонымен қатар еңбек жолында жоғары нәтижеге жеткен тұлғаларды марапаттау үшін арналады.
Перинаталдық орталығының ұжымы Торғын Хакімқызын жоғары марапатымен құттықтайды.