«Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестері»
31.01.2020
Бүгін, 2020 жылдың 31-қаңтарында ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАО Павлодар облысы бойынша филиалының сарапшылармен «Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестері» тақырыбы бойынша оқу өтті. Оқуға директор орынбасарлары, аурухана мен емхананың бөлімдерінің меңгерушілері қатысты.