Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақттандыру туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұланды
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып, бірінші оқылымда қабылданды.
Құжатты ұсына отырып, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бейінді ведомство сараптамалық қоғамдастықпен бірлесіп медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың әртүрлі үлгілеріне талдау жүргізгенін атап өтті.
Бүгінгі күні ұсынылған міндетті сақтандырудың бейімделген моделі жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымдары арқылы, сақтандырушының қаржылық жауапкершілігінің шекті көлемімен, жұмыс беруші сақтанушы болып табылатын, ал медициналық ұйым сақтандыру ұйымымен ұжымдық шарт жасасатын медициналық қызметтер тарифтері арқылы қаржыландырумен жүзеге асырылатын болады.
«Осы модельге сәйкес шағымды қарауды арнайы комиссия сарапшылар мен мүдделі тараптарды тарта отырып, медиация элементтерін қолдана отырып, сондай-ақ бейінді медициналық қауымдастықтарды тарта отырып жүзеге асыратын болады. Бұл кезеңде мәселе медициналық ұйымның өзінде шешілуі мүмкін», — деп түсіндірді А.Ғиният.
«Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді сақтандыру компаниясы жүргізеді. Төлемнен бас тартқан және қанағаттанбаған жағдайда пациент сотқа жүгінуге құқылы. Сақтандыру жарнасының мөлшері қауіп дәрежесіне байланысты бекітілген актуарлық есептеулер негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесін ескере отырып айқындалатын болады», — деп атап өтті ведомство басшысы.А. Ғинияттың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі Заң жобасының шеңберінде медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру және ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабының санкциялық шараларын төмендету жөніндегі нормаларды ұсынды.Мәселен, құжат шеңберінде айыппұл мөлшерін және денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін қамауға алу мерзімін төмендету, пациенттің денсаулығына ауыр зиян келтірілгенде немесе қайтыс болған кезде «бас бостандығынан айыру» жаза мерзімдерін қайта қараумен «бас бостандығын шектеуге» ауыстыру ұсынылады.