«Мектепке жол!» акциясы
19.08.2019
Бірінші қыркүйек — барлық балаларға арналған білім күні. Бұл барлық мектеп оқушылары үшін мереке болуы керек. Баланы мектепке дайындау, қажет нәрсенің бәрін сатып алу — өте қымбат іс.
Дәстүр бойынша, жыл сайын қыркүйектің 1-де Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті «Мектепке жол акциясын өткізеді.
2019 жылғы тамыздың 19-і аурухананың акт залында балаларды мектепке дайындауда аурухана персоналы мен аурухананың көп балалы қызметкерлері құрамына әр оқушыға 5000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіліп «2019-Мектепке жол» кезекті акциясы өтті (52 бала материалдық көмекпен қамтылды).