Менің екінші үйім!

25.10.2017

Мен, Зарина Вадимовна Байжұманова 1996 жылы 22 маусымда Павлодар қаласында дүниеге келдім. Инновациялық үлгідегі №34 жалпы орта білім беретін мектебінде оқыдым. Оқу кезеңінде бимен айналыстым. Қазақстан Халықтары Ассамблеясында қатыстым, «Белорусс орталығы» құрамында болдым. Орталық, Достық үйінде орналасқан., онда 24 облыстық этномәдени бірлестіктері бар. Орталықта вокалды және хореографиялық бағыттағы әр ұлттық адамдары қатысады, яғни ол біздің еліміз көпұлтты және достығы жарасқан ел екенін растайды.

251017

Мектепті бітіргеннен кейін 2014 жылы Павлодар медициналық Колледжіне «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Акушер» біліктілігіне оқуға түстім. Мамандықты таңдауда бабалық шағымдағы ойындар мен туыстарым ықпал етті. Дәрігер мамандығы – ең жарқын әрі мәртебелі мамандықтардың бірі. Шын мәнінде өте қиын мамандық, бірақ қызықты. Мемлекеттік практиканы ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК өттім және сонда жұмысқа жолдандым.

Қазіргі уақытта акушер болып ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМКжүктілер патологиясы бөлімшесінде жұмыс істеймін. Осы уақыт ішінде көп нәрсеге үйрендім. Жұмысым өте жауапты әрі қиын. Қазір мен жүкті әйел мен болашақ нәрестеге жауаптымын. Бірақ, қиыншылыққа қарамастан, жұмысы маған рахат әкеледі. Облыстық перинаталдық орталығының ұжымы – еңбекқор, шығармашылықты, алға қойылған міндеттерін орындайтын жауапты топ. ШЖҚ «№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК берекелі ұжымы – енді менің екінші үйім!

Байжуманова Зарина Вадимовна

Жас маман

2017ж. түлегі

Рухани жаңғыру. Спецпроект «Туған жер»

Accessibility