Менің отаным Қазақстан-нағыз бақыттың өзі!
Отаныңа деген махаббат туған табиғатыңнан басталады. Өзімізге ең ыстық табиғат, ол туған жеріңнің табиғаты. Табиғат бізге берген сұлулықты, әсіресе, туған өлкенің балалық кезден таныс жерлерін сүйіп бағалай білуіміз керек. Бала кездің ең күшті және толғандыратын естеліктері—туған жердің сүйікті соқпақтары мен түкпірлері, бұл туған жерге деген сүйіспеншілікті өзгеріссіз және осындай ұмытылмас етеді.
Мен кіммін? Мен де барлығы сияқты адаммын. Мен Қазақстанда тұрамын, еңбек етемін, өзгелер сияқты бір көшемен жүріп, өзіме таныс және таныс емес адамдарды кезіктіріп туған қаламның күзгі табиғатымен сүйсінемін.
Павлодар … Бұл менің қалам, осы туған қалам мені рухани байлығымен және ғажайып сұлулығымен баурайды. Мен осы қалаға деген махаббатымды мойындаймын,оған деген нәзік сезімдерім жүрегім мен жанымды толтырады. Бұл қалада менің жастық шағым өтіп, менің тағдырымда көптеген оқиғалар орын алды. Осы қалада менің достарым, әріптестерім мен маған жақын таныстарым бар. Мен бір қуантатыны, Павлодар қаласының әр ұлттағы адамдары келісім мен бейбітшілікте тұрып жатқандары және қаланың көрікті болуы. Павлодар қаласы – мәдениет, спорт, салауатты өмір салтының қаласына айналды.
Бала кезімде мен дәрігер болуды армандадым, үнемі өз қуыршақтарымды емдейтінмін.Осы бала кезімдегі қызықты ойындар, менің болашақ мамандығымды анықтады. Мектептен кейін мен Павлодар медициналық училищесіне түстім. Онда «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша оқыдым. Училищені бітіргеннен кейін бөліп орналастыру бойынша Павлодар облыстық перинаталдық орталығының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне жолдандым.
Сол күннен бастап осы жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінде мейірбике болып жұмыс істеймін. Бөлімше өзіме ұнайды, жаңа туған нәрестелермен жұмыс істегенді ұнатамын, өйткені олар ең адал пациенттердің бірі деп есептеймін! Біздің ұжымның қолынан мыңдаған нәрестелер өтеді. Біздің ұйымдастырылған және бірлескен ұжымға емдеу сапасы тікелей байланысты болады. Кейде, бірер жылдан соң көшемен келе жатып, мүлдем бейтаныс әйелдерді кездестіремін, бірақ олар өзінді танып және алғыстарын білдіріп жатады. Міне, нағыз бақыт осында! Күлімдеген бақытты ата-аналар мен балаларын көру, үлкен үлес қоспасам да өзімнің бір бөлігімді «сені есте сақтайтындай ету»…
Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің мейірбикесі
Алпатова Светлана Александровна