«Мерейлі отбасы» сайысы
06.06.2018
Ел Президентінің бастамасы бойынша жыл сайын «Мерейлі отбасы» сайысы өтеді. Оның мақсаты — отбасы институтын, балаларды тəрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау жəне қазақстандық отбасылардың оң имиджін нығайту. Облыстың аудандары жəне қалаларының аймақтық конкурсында 10-нан астам отбасы қатысты, оның ішінде білім, ауыл шаруашылығы, медицина, өнер салаларының өкілдері бар. Осы жылы медициналық əулет намысын Ғабдулғазизовтар отбасы қорғап, үшінші орынға ие болды.