Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аспектілері туралы тағы бір рет

09.10.2019

2019 жылғы қазанның 7-і  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАО Павлодар облысы филиалының директоры А.К.Ситказинов,  Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының директоры м.а. А.Т. Мұсабеков Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының ұжымымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу аспектілерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Осы кездесу барысында А.К. Ситказинов тұрғындардың, мемлекеттің, жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне адам өмірінің сапасын жақсартатын медициналық қызметтер, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың денсаулығының негізін қалайтын медициналық көмек, жарнаның мөлшері мен тарифтері, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды және Бірыңғай жиынтық төлем бойынша аударымдар туралы әңгімеледі.
Медициналық көмек пен медициналық сақтандырудың кепілдендірілген көлемінің жаңа моделін енгізу нәтижесінде консультативтік-диагностикалық көмектің, оңалтудың, амбулаториялық-емханалық көмектің қол жетімділігі, медициналық қызметтердің сапасының кезең-кезеңімен көтерілуі, пациенттердің ақылы медициналық қызметтерге шығындарының төмендеуі күтілуде.

IMG_5812 IMG_5805

Accessibility