МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіретіндер

11.12.2019

 

Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, жарна төлемейсіз, сіз үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап  мемлекет төлейді.

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға (баланың бір заңды өкілі);

5) бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек баласын күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар;

8) сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда

9) тергеу изоляторында жатқан тұлғалар.

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері;

12) мүгедектер;

13) күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғалар.

14) бала күнінен бірінші топ мүгедегін күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлға;

15) Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.

 

 

Accessibility