МӘМС жүйесіне енетін медициналық қызметтер

29.06.2023

МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
✅ профилактикалық медициналық тексерулер;
✅учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
✅созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
✅ уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
✅халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
✅диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
✅мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
медициналық оңалту;
✅стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.

Accessibility