МӘМС -Қант диабетін емдеу: Дәрі-Дәрмектердің сапасын нығайтуға басымдық беру.Церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің кепілдігі сақталады
2025 жылғы 14 шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, оның шеңберінде мемлекет қаражатының есебінен кепілді қамтамасыз етілуге жататынәлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі қайта қаралды. Қант диабеті әлеуметтік мәні бар ауру ретінде қарастырыла береді. Алайда, халықаралық практиканы ескере отырып және терапияға қолжетімділікті кеңейту мақсатында оны қаржыландыру МӘМС пакетіне ауыстырылды. Бұл шешім пациенттерді қорғау деңгейін төмендетпейді, керісінше қаржыландырудың тұрақтылығын нығайтады және денсаулық сақтау қызметтерінің ауқымын, соның ішінде соңғы емдеу әдістерін кеңейтуге мүмкіндік береді.Бұл ретте 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар, сондай-ақ қант диабетінің асқынған ағымы (ретинопатия, нефропатия, БСА, жүрек-қан тамырлары аурулары) бар ересек пациенттер, әдетте, МӘМС шеңберінде сақтандырылған жеңілдікті санаттарға кіреді.
Екінші типтегі қант диабеті негізінен 45 жастан асқан адамдарда анықталады. 2 типті ҚД дамуының негізгі қауіп факторлары артық салмақтың болуы, жоғары калориялы тағам және отырықшы өмір
салты болып табылады. Бұл аурудың ерте диагнозымен, тамырлы асқынулардың пайда болуымен және дұрыс кешенді емдеумен ұзақ клиникалық ремиссияға қол жеткізуге болады.Бұл ретте, ҚД-ны ерте анықтауға скрининг жүргізу сақтандырылу мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізілетін болады.ҚД бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлігінде
Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды талдау жүргізді, оның барысында сатып алу құрылымы қайта қаралды, препараттардың позициялары ұтымды болды және тізбелерге енгізу өлшемшарттары
нақтыланды. Қазақстан бүгінде өңірдегі инсулиндердің кең спектрін ұсынады және оларды пациенттердің барлық санаттары үшін тегін ұсынуды қамтамасыз етеді. Ескірген нысандардан қазіргі заманғы
препараттарға, оның ішінде инсулин помпаларына арналған шығын материалдарының бағаларын қайта қарау және бюджет ресурстарын жоғары тиімді терапияның пайдасына қайта бөлу арқылы дәйекті көшу
жүргізілуде.
Министрлік дәлелді медицина қағидаттарын, халықаралық стандарттарды және азаматтардың нақты қажеттіліктерін басшылыққа ала отырып, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруді
жалғастырады. Мақсат өзгеріссіз қалады – барлығына қолжетімді,қауіпсіз және тиімді емдеу.
Анықтама: электрондық тіркеу диспансерлік базасының (ДНЭТ) деректері бойынша 2025 жылға қант диабетімен ауыратын 535 033 пациент тіркелген, оның ішінде:
* 504 456 адам (95%) — 2 типті қант диабетімен;
* 30 577 адам — 1 типті қант диабетімен ауырады, оның 5 625-і 18 жасқа дейінгі балалар.
Қазақстанда 1 және 2 типті қант диабетімен ауыратын барлық пациенттер амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету (АДҚ) деңгейінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде қазіргі заманғы диабетке қарсы препараттармен толық қамтамасыз етіледі.
Пациенттерге ұсынылатын препараттар халықаралық ұсыныстарға. (нұсқаулықтарға) және Ұлттық клиникалық хаттамаларға, соның ішінде инсулин аналогтарына және заманауи таблеткалық препараттарға
сәйкес келеді.
* Диспансерлік есепте тұрған барлық адамдар үшін инсулиндердіңқолжетімділігі 100%-ды құрайды.
* Балаларға ерекше назар аударылады: 1 типті ҚД бар 2400 бала(жалпы санының 39%) инсулин помпаларын қолдана отырып инсулин
терапиясын алады, бұл өмір сапасы мен ауруды бақылау деңгейін
едәуір жақсартады.
2018 жылдан бастап 2025 жылға дейін АДҚ қаржыландыру көлемі 3 есеге — 87,8 млрд теңгеден 229 млрд теңгеге дейін өсті, онын ішінде қант диабетін емдеуге 45,5 млрд теңге бағытталды.
ҚД бар бір пациентке кететін шығындар аурудың ауырлығына, асқынулардың болуына және қолданылатын терапияға байланысты кең ауқымда өзгереді:
* Пациенттердің 81%-ы жылына 618-ден 184 978 теңгеге дейінгі сомаға ем алады;
* Пациенттердің 16,7%-ы-184 979-дан 600 000 теңгеге дейінгідиапазонда;
* Пациенттердің 2,3%-ы — жылына 601 000-нан 6,5 млн теңгеге дейін шығындарды (жоғары технологиялық емдеуді, инсулин помпаларын және шығын материалдарын қоса алғанда) талап етеді.
Церебральды сал ауруы және басқа аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмектің кепілдігі сақталады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде
Денсаулық сақтау министрлігі базалық мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Бұл тұрғыда әлеуметтік мәні бар аурулар мен динамикалық бақылауға жататын аурулардың тізбелері өзектендірілді.Біріншіден, әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесі инсульттан кейінгі жіті жағдайлармен толықтырылды (1 жыл бойы). Бұл көмектің сабақтастығын және медициналық оңалтудың ерте басталуын қамтамасыз етеді. МӘМС енгізілуімен халық үшін КТ және МРТ сияқты жоғары технологиялық зерттеулердің қолжетімділігі айтарлықтай
артқанын атап өтемін.
Екіншіден, қаржыландыруды оңтайландыру және қайталануды болдырмау мақсатында 4 ауру – балалардың церебральды сал ауруы, ревматизм, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануы және қант диабеті –
МӘМС жүйесі арқылы қаржыландыру үшін ДБЖА тізбесіне ауыстырылды. Бұл медициналық көмектің қысқаруына әкелмейтін әкімшілік шара екенін айта кеткен жөн. Іс – шаралардың барлық кешені – диагностика,емдеу, динамикалық бақылау және медициналық оңалту-медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың қолданыстағы клиникалық хаттамалары мен стандарттарына сәйкес толық көлемде жүзеге
асырылатын болады.
Үшіншіден, бұл шешімді қабылдау кезінде біз әлеуметтік аспектілерді ескердік. Церебральды сал ауруы және 1 типтік қант диабеті сияқты аурулар балалық шақта пайда болады. Балалар сақтандыру
сыйлықақыларын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына жатады. Кәмелетке толған және осы пациенттер үшін мүгедектік расталған кезде мемлекет МӘМС жүйесіне жарналарды жүзеге асыруды
жалғастырады, бұл медициналық көмектің өмір бойы қолжетімділігінің сақталуына кепілдік береді. Бүгінгі таңда Қазақстанда БЦА бар 27 932 пациент бар, оның 99%-ы
МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Қант диабетімен есепте тұрғандардың жалпы санының 95%-ды құрайтын 2 типтік ҚД ауруына келетін болсақ, медициналық көмектің көлемі (дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету, динамикалық бақылау, тәулік бойы, күндізгі стационарлар, медициналық оңалту) өзгермейді, бәрі бұрынғысынша қалады, тек қаржыландыру көзі ғана өзгереді(МӘМС). Бұл ретте, диспансерлік пациенттердің 96%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. ҚД мыңдаған қазақстандықтардың өмір сүру сапасына әсер ететін аурулардың бірі ретінде мемлекеттің ерекше бақылауында қалады.
Бірақ сонымен бірге, бұл ауру басқарылады, мұнда пациенттің рөлі өмір салтын өзгерту, жаман әдеттерді жою бөлігінде өте жоғары. Азаматтардың сақтандыру жауапкершілігі мәселесіне ерекше назар
аударғым келеді. Сақтандыру мәртебесі толыққанды медициналық көмек алудың негізгі шарты болып қала береді. Мысалы, сақтандыру жарналарының орташа мөлшері айына 51 мың
теңгеге жуық болғанда МӘМС жүйесі консультациялық- диагностикалық қызметтер мен дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, олардың құны 2 типтік қант диабетін емдеу
жағдайында 600 мыңнан 6,5 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл сақтандыру моделінің тиімділігін және МӘМС жүйесіне қатысудың маңыздылығын көрнекі растау.Осылайша, БЦА және басқа да созылмалы аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің барлық кепілдіктері МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесі сақталған жағдайда толық көлемде сақталады.
Медициналық көмектің көлемі жөніндегі мәселеге қатысты мынаны хабарлаймын: пациенттерге медициналық көмек көрсетудің көлемі мен шарттары өзгеріссіз қалады. Амбулаториялық бақылау, дәрі-
дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарлық көмек (күндізгі және тәулік бойғы стационарлар) қоса алғанда, медициналықкөмектің барлық кешені толық көлемде сақталды.
Денсаулық сақтау министрлігі мынаны ерекше атап көрсетеді: МӘМС пакетіне ауыстырылған аурулары бар пациенттер үшін медициналық көмек, сондай-ақ қаржыландыру көлемі қысқармайды.
Бұл ретте сақтандыру мәртебесінің маңыздылығына ерекше назар аударғым келеді. Жұмыссыздарды қоса алғанда, экономиканың ресми секторында жұмыс істемейтін азаматтар үшін мемлекеттік қолдау тетігікөзделген. Мұндай жағдайда жұмыссыз ретінде тіркеліп, тиісті жеңілдікті мәртебе алу қажет.Осыдан кейін МӘМС жүйесіне сақтандыру жарналары жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады, бұл 1 млн. астам азаматты міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде медициналық көмектің барлық түрлеріне толық қол жеткізуге кепілдік береді.
Осылайша, медициналық көмектің бірыңғай пакетіне ауыса отырып, консультациялық-диагностикалық қызметтердің барлық түрлеріне қолжетімділік, негізгі ауруды да, қосалқы патологияларды да емдеуді
қоса алғанда, тәулік бойы және күндізгі стационарда емдеуді қамту,оңалту қызметтерін көрсетуді кеңейту ұлғаяды.
лИЦЕНЗИЯ 00986 DS


