МӘМС төлемі жылы қандай мөлшерде болады?

05.01.2024

МӘМС төлемдері төлеушілердің әр санаты үшін әр түрлі мөлшерде болады
Жұмыс берушілердің аударымдары қызметкерлер жалақысының 3%-ын құрайды, аударымдардың ең жоғары сомасы 25 500 теңгеден аспайды, бұл 10 ЕТЖ-нің 3% — ы. Айта кету керек 2024 жылдан бастап, 1 ЕТЖ 85 000 теңгені құрайды
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (АҚС) бойынша табыс алатын қызметкерлер мен жеке тұлғалардың жарналары 2024 жылы олардың табысының 2% — ын құрайды, бұл ретте, егер жалақы мөлшері 10 ЕТЖ жоғары болса, онда тек осы сомаға ғана салық салынады және жарнаның ең жоғары сомасы 17 000 теңгені құрайды
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатындардың жарналары 5 950 теңгені немесе 1,4 ЕТЖ-нің 5% — ын құрайды
Дербес төлеушілер үшін жарна сомасы 4 250 теңгеге тең (1 ЕТЖ-дан 5%)

Accessibility