МӘМС
МӘМС — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы
ЖАДНАМА «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405—V Заңы
|
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықтың, мемлекет пен жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) енгізіледі.
Жарнаны кім қашан төлейді? МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек? Егер атыңызға жарна/аударым аударылған болса Сіз автоматты түрде МӘМС жүйесінің қатысушысы болып саналасыз. Өз мәртебеңіз туралы ақпаратты ЖСН арқылы медицина ұйымдарынан білуге болады.
Кезең | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 |
Жұмыс берушілер | 1.5% | 1.5% | 2% | 2% | 3% |
ЖК/ШҚ | 0% | 0% | 1,4 АЕК-тен 5% | 1,4 АЕК-тің 5% | 1,4 АЕК-тің 5% |
Азаматтық-құқықтық сипаттағы физикалық тұлғалар | 0% | 0% | кірістің 1% | кірістің 1% | кірістің 3% |
Қызметкерлер | 0% | 0% | кірістің 1% | кірістің 1% | кірістің 2% |
Мемлекет | 0% | 0% | Орташа айлық жалақының 1,4% | ОАЖ 1,6% | ОАЖ 1,7 |
Дербес төлемшілер (өзге тұлғалар) | 0% | 0% | 1 АЕК 5% | 5% от 1МЗП | 5% от 1МЗП |
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеу қарастырылған. Қарамағына жұмыскер алмай, табыс табу мақсатында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін азаматтарға арналған*.
БЖТ мөлшері – 1АЕК — қала үшін 2525 теңге, 0,5 АЕК – ауыл үшін айына 1263 теңге.
БЖТ қайда және қанша төлейді:
- Жеке табыс салығы — 252 тг. (қала) / 165 тг. (ауыл)
- Міндетті зейнетақы жарнасы — 758 тг. (қала) / 379 тг. (ауыл)
- Әлеуметтік сақтандыру жарнасы — 505 тг. (қала) / 253 тг. (ауыл)
- МӘМС: — 1010 тг. (қала) / 505 тг. (ауыл).
Бұл ретте күнтізбелік жылға шекті табыс 1176 АЕК аспауға тиіс – 2 969 400 теңге
Мысалдар: *көлік (жеке жүргізуші), жалдамалы жұмыстар (тұрмыстық техниканы, сантехниканы жөндеу және т.б.), жеке қызметтер (репетиторлар, бала күтушілер, ауруды күтушілер), әртістер (тамада, музыканттар).
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ тұрғын үйді санамағанда мүлкін жалға берушілер БЖТ төлемшілері бола алмайды.
Жеңілдік санатына кімдер кіреді? Егер Сіз төмендегі санаттардың біріне кіретін болсаңыз, жарна төлемейсіз, сіз үшін мемлекет төлейді (2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап).
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар; 3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; 4) 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға (баланың бір заңды өкілі); 5) бала тууына, бала асырап алуына, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыста отырған тұлғалар; 6) 18 жасқа дейінгі мүгедек баласын күтіп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар; 7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде мүгедектер және Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
|
8) сот үкімімен жазасын өтеп отырған тұлғалар, қауіпсіздігі төмен мекемелерді қоспағанда.
9) тергеу изоляторында жатқан тұлғалар. 10) жұмыс істемейтін оралмандар; 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған көп балалы аналар және «Батыр ана» атағы бар аналар, сонымен қатар І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлері; 12) мүгедектер; 13) күндізгі оқу бөлімінде оқитын тұлғалар.
|