Наурызда Сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын!

20.03.2019

Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының әдемі  — дәстүрлі түрінде безендірілген  мәжіліс залында көктемгі күн мен түннің теңелу күні  Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара 2019 жылдың 20-да өткізілді.

     Аурухананың әрбір бөлімшесі мерекелік дастархан жайып    тамаша әндер айтып, әр түрлі халық билерің орындап, сондай-ақ домбыра тартып, салт- дәстүрің көрсетіп  мерекелік концертке жан-жақты дайындалды.

Көтеріңкі көңіл-күй, әдемі ұлттық киімдер, мерекелік шашу мен дастархан, концерт, келген медицина қызметкерлерінің  көңілдері шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – Жаңа жыл  мерекесінің жақсы бастамасы болды.

Сонымен қатар, осындай тамаша күні аурухананың 25 қызметкері Құрмет грамотасымен марапатталып, бағалы сыйлық алды.

ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК әкімшілігі, кәсіподақ комитеті мен ұжымы барлық қазақстандықтарды  көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтайды!

Жанұяларыңызға, жүмыстарыңызға сәттілік және қоғамда бірлестік тілейміз! Наурызда Сіздердің армандарыңыз орындалсың!

Accessibility