Наурыз мейрамын тойлау
Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы
Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
2018 жылғы 19-наурызда Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының ұжымы салтанатты түрде Наурыз мейрамын тойлап өтті.
Акт залының ортасына киіз үй орнатылып, мерекелік дастархан жайылды, ол дастарханнан кез келген адам Қазақстан халқының ұлттық тағамдарынан ауыз тиюіне болды.
Шараны директор Серім Уақапұлы Сыздықов құттықтау сөзімен ашты.
Аурухананың жұмыскерлері қатысқан мерекелік концерт өткізілді.
Содан соң, бөлімшелер арасында Қазақстан халыктарының салт-дәстүрін көрсететін конкурс өтті. «Наурыз! Наурыз!» атты балалар суретінің конкурсы болды.
Конкурсқа қатысушыларына сыйлықтар ұсынылды.