Немеремнің лайықты елде өсіп келе жатқанын білемін және оның бақытты болашағына сенемін!
30.05.2018
Қазақстандағы отбасымыздың тамыры 1942 жылы пайда болды. Менің
атам мен әжем Краснодар аймағынан Қазақ КСР-на (Көкшетау облысында)
көшірілді, онда олар карьерлерде жұмыс істеп, фронтқа құм жіберіп,
фронттағыларға фермер шаруашылығында астық пен көкөніс өсірді.
Сол Көкшетау облысында анам дүниеге келді. Бұл халық бастан кешірген
қиын жылдар еді: аштық, суық, осының барлығына сол кезде адамдар төзімді
болды.
Біртіндеп ел өсіп, өмір сүру деңгейі жоғары болды. 1956 жылы қуғын-
сүргінге ұшыраған халықты қалпына келтіру басталды және біздің
отбасымыз Алматы облысына көшіп келді. Сол жерге әкемнің отбасы да
келді. 1964 жылы менің отбасым Павлодарды өсіріп өндіруге көшіп келді.
Адал еңбегі үшін олар медальдармен марапатталды. Әкем Еңбек ардагері,
трактор, алюминий, химиялық зауыт, тұрғын үй кешендерінің құрылысында
жұмыс істеді. Анам еңбек ардагері ұзақ жылдар бойы адал еңбегі үшін
медаль және «Құрметті байланысшы» медалімен марапатталды.Балалық
шағым, Кеңес Одағының барлық балаларындай бақытты болды. Үлкен
сүйіспеншілікпен мен атам мен әжем өмір сүрген және біз жазғы демалысқа
барған Шиликті әрдайым есіме аламын; оның суару аулалары мен
бақшалары, атақты «Апорт»алмасы, жүзімдіктер мен Шилик өзені.
Аулаларда түрлі ұлттардың көп балалары болды, біз бәріміз өте мейірімді
едік. 8 сыныпта медицина училищесінің қызметкері бізге ашық сабаққа
келіп, медицина қызметкерінің мамандығы туралы айтты. Мен сол кезде
медицина қызметкері боламын деп шештім. Әкемнің бұл мамандықтан бас
тартуымды сұрағанына қарамастан, маған қандай қиын және жауапты
жұмыс болатынын түсіндім, бірақ мен өз шешіміме сенімді болдым.8
сыныпты аяқтағаннан кейін дайындық курстарына қатар барып, бұл жерде
мен өзімнің мамандығымды бұдан әрі қатты ұнататтым.1986 жылы
колледжді бітірдім. Осы жұмысымды облыстық ауруханадан, реанимация
бөлімінен бастадмы. 1986 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін акушерлікте
анестезиолог мейірбикесі ретінде жұмыс істеймін. Денсаулық сақтау
жүйесінде ұзақ мерзімді адал еңбегім үшін дипломдармен марапатталдым.
Менің мамандығымды шынымен жақсы көремін, жаңа адамның туғанына,
біздің республикамыздың жаңа азаматы Қазақстанға қуаныш сыйлаймын.
Мұнда мен, қызым енді немерем де осында дүниеге келді.
Мен Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа, өзінің көпұлтты халқын болашаққа алға
жылжытатын ақылды да қамқор саясаткерге сенемін. Бұл сондай-ақ менің
бүкіл отбасымның қатысушысы болып табылатын Қазақстан халықтарының
ассамблеясының құрылуымен расталады. 2016 жылы ұлттық бірлікті
нығайтуға және қоғамның рухани дамуына қосқан үлесі үшін мен Президент
Н.Назарбаевпен белгіленіп , Қазақстан халқы Ассамблеясынан Алғыс хат
алдым . Немеремнің лайықты елде өсіп келе жатқанын білемін және оның
бақытты болашағына сенемін!
Анестезист мейірбикесі Григориади С. Л.
Рухани жаңғыру. «Туған жер» арнайы жобасы.