Неонатолог дәрігері

15.12.2017

Құрманова Шолпан Жетпісбайқызы — жоғары санаттағы неонатолог, 25 жылдық тәжірибесі бар, ШЖҚ «№ 1 Павлодар облыстық перинаталды орталығы» КМК жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне жетекшілік етеді.

Шолпан Жетпісбайқызы 1992 жылы Семей медицина институтының педиатрия факультетін бітірді және 2-ші қалалық аурухана базасында неонатология бойынша тәжірибеден өтіп, Павлодар облысына жолданды. Тағылымдамадан өткен соң, барлық еңбек жолы Перинаталдық орталықта өтеді. Ол кез-келген жерде реанимация, перзентхана немесе жаңа туған патология бөлімінде жұмыс істей алады.

Шолпан Жеппісбайқызы неонатологтардың ең құзыретті дәрігерлерінің қатарында,кішкентай нәрестелерді туғаннан бастап 1 айға дейін емдейді. Олардың ішінде туған кезде салмағы бір килограмнан аспаған кішкентайлар да бар. Нәрестелер қай жерлері ауыратынын және не себепті өздерін жаман сезінетінін айта алмайды. Ондай баланы емдеп күтудің өзі бір өнер. Кейде ондай баланы емдегеннен гөрі күткен қажет, сондықтан, Шолпан Жетпісбайқызы ауыр туған нәрестелерді, сонымен қатар шала туғандарды күтуге ерекше көңіл бөледі. Ол жылулық және көңіл-күймен пациенттер мен олардың ата-аналарына көңіл бөледі. Әрқашан мейірімді, жайдарлы. Көп жылдан бері адал еңбек, жоғары іскерлік және адамгершілік қасиеттері үшін ол әріптестерінің және перинаталды орталықтың басшылығының құрметіне ие болды. Шолпан Жетписбайқызы Павлодар облысының босануға көмек жүйесінің дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Рухани жаңғыру. «Туған жер» арнайы жоба

Accessibility