Омбы дәрігерлерінің қатысуымен конференция өтті

13.12.2017

2017 жылғы 12 желтоқсанда №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының базасында шекаралас жатқан қалалармен серіктесу шеңберінде «Ана мен бала» омбы репродуктивті медицина орталығының акушер-гинеколог, репродуктолог дәрігері Н.Г.Чернованың, зертханалық диагностика дәрігері, эмбриолог А.А.Барсукованың және уролог дәрігері А.С.Чуринаның қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулық мәселесі, балаларда туа біткен патологияларды алдын алу және диагностикалау мәселесі, некедегі бедеулікті шешу жолдары мәселелері қарастырылып талқыланды.

[wolf-gallery-images id=»19″]

Accessibility