Отбасын жоспарлау – әйелдер мен балалардың аурушаңдылығын төмендетуге, ана мен бала –өлімін азайту және ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған шара.
Отбасын жоспарлау –дүниеге себепсіз емес,қалаулы түрде келген балалар.Отбасын жоспарлау немесе ерікті және жауапты түрде ата-ана болуы әр адамның халықаралық мойындалған құқығы болып табылады.Шыныңда отбасын жоспарлау – әйелдер мен балалардың аурушаңдылығын төмендетуге, ана мен бала –өлімін азайту және ана мен бала денсаулығын сақтауға бағытталған шара.Дүниеге қашан және қанша бала әкелу,қалаусыз жүктілікті қалай болдырмау,жүктілікке қарсы қандай (контрацептив) құрал қолданған дұрыс және оны қалай қолдануға болады деген сауалдар ерте ме,кеш пе әр адамды,әр отбасын мазалайды.Отбасын жоспарлау ерікті түрде адамдарға отбасындағы бала санын және олардың туылу мерзімін шешуге,өз өмірлерін жоспарлауға,қажетсіз қорқыныш пен уайымды болдырмауға көмектеседі.
Отбасын жоспарлау:
- Дені сау қалаулы баланы дүниеге әкелу;
- Жүктілік арасындағы үзілісті реттеу;
- Дүниеге қалағаныңша бала әкелу;
- Ата-аналардың жасына сәйкес баланы босану уақытын таңдау;
- Әйедердің денсаулығын сақтау;
- Отбасына сырлас қатынаста жарасымдылыққа жету;
- Өмірлік жоспарларды іске асыру үшін қажет.
- Ата-ананың жауапты, дуниеге қалаулы және дені сау бала әкелу үшін әр адам өзінің репродуктивтік денсаулығын қалай сақтауы керек екенің білуі қажет.
Жүктілікті жоспарлау алдында әйелді дайындау алгоритмі
Халықтың репродуктивті денсаулығын жақсартып, ана мен бала өлімін түсік тастауды төмендету және бала туатын жастағы әйелдердің ауруларын азайту үшін әрбір әйел жүктілікті жоспарлау алдында толық медициналық тексеруден өту қажет,яғни:
- Терапевт маманына (жалпы тәжірибе дәрігері), акушер –гинекологқа қаралуы;
- Жалпы қан және несеп талдауынана өтуі;
- Элетрокардиограмма;
- Кіші жамбасқа ультрадыбыстық зерттеу жасатуы қажет;
- Көрсеткіштер бойынша жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларға тексерілуі;
- Ақппараттық келісімнен кейін Вассерман реакциясына (әсеріне) адамдағы иммунтапшылығы вирусына тексерілу;
- Ауру анықталған жағдайда медициналық –гентикалық кеңес алу;
- Көрсеткіштер бойынша мамандардан басқа қосымша тексеруден өту және кеңес алуы;
- Жүктіліктен 3 ай бұрын сауығу және толықтай аурудың жазылуы үшін кез келген ауру түрлерін емдеу;
- Жүктілікті жоспарлаудан 3 ай бұрын дәрігер ерлі-зайыптылардың екеуін де күніне 0,1 мл-дан 4 рет фолий қыщықылын қабылдауды тағайындайды. Сондай-ақ,нәруызға,минералдар мен дәрумендерге бай емдәм ұстау қажет;
Ерлі-зайыптылар күн тәртібін сақтап,дұрыс тамақтанып,ұйқы мен тынығуды қадағалап,таза ауада серуендеп, жаттығулар жасауы және зиянды әдеттер мен кәсибі залалдан аулақ болуы тиіс.