Офтальмологияның өзекті мәселелері. Витреальды хирургия
Ғалым Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухунасының офтальмологиялық орталығының базасында 2022 жылғы 05 желтоқсан мен 2022 жылғы 07 желтоқсан аралығында «Витреальды хирургия бойынша мастер – класс» өткізілді. Біздің офтальмолог дәрігерлеріміз Түркияның «Acıbadem Mehmet Ali Aydınlar University» медициналық орталығының профессоры Ersanli Dilaver және м.ғ.к., Алматы қ. көз аурулары ҚазҒЗИ балалар бөлімшесінің меңгерушісі Лукпан Нұрланұлы Оразбековпен көру қабілетін қалпына келтіру бойынша тәжірибе алмасты.
Мастер-класс қорытындысы бойынша шақырылған мамандар 2022 жылғы 6 желтоқсанда облыс офтальмологтары мен резидент-офтальмологтарға, «СМУ» КеАҚ Павлодар филиалының хирургия кафедрасының докторанттарына арналған көру органының ауруларын емдеуде, диагностикалауда және қазіргі кезеңде мамандандырылған офтальмологиялық медициналық көмекті ұйымдастыруда жаңа әдістер мен инновациялық технологияларды қолдану бойынша «Офтальмологияның өзекті мәселелері. Витреальды хирургия» конференциясы өтті.
Сондай-ақ, конференция барысында көздің торлы қабығының қайта бөліну жағдайлары болған кезде, көздің алдыңғы бөлігінде өзгерістер болған кезде және жаңа арнайы сұйықтықтар-силикон енгізу қажет болған кезде көру қабілетін одан әрі емдеу бойынша ұсыныстар берілді.
Өткізілген конференция біздің облысымыздың медицина саласындағы ең үздік мамандарының пікір алмасу, тәжірибе алмасу үшін пікірталас алаңына айналды.