Павлодар жоғары басқару колледжінде және Павлодар қаласының № 28 орта білім беру мектебінде МӘМС енгізу бойынша түсіндіру жұмысы.

18.09.2019

2019 жылғы 16 -17 қыркүйекте ШЖҚ «Г. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы»  КМК перинаталдық орталығының МӘМС енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тобының мүшелері Павлодар жоғары басқару  колледжі мен  №28 орта білім беру мектебіне барды.

Сапар барысында МӘМС жағдайында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің мерзімдері, шарттары бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ұжымға 16 қыркүйек пен 16 қараша аралығында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту науқаны басталатынын еске салды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап берілді.

571d3edc-5b17-4615-81f1-b11fe7d5231a cf90c090-6258-48e2-b0ab-4c4d24c4cf25 4ff2ed94-e900-4c56-b600-8f37667384e8

Accessibility