Павлодар облысындағы үздік СӨС үйлестірушісі

27.12.2024

2024 жылғы 24 желтоқсанда Достық үйінде Павлодар облыстық Азаматтық Альянсы өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салтын (СӨС) ілгерілету мақсатында іске асырылатын «СӨС насихаттау» жобасы шеңберінде қорытынды іс-шара өткізді. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өткізілді, жобаның негізгі нәтижелері талқыланды, сондай-ақ өңір тұрғындары арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірленді. Іс-шара барысында «Павлодар облысындағы үздік СӨС үйлестірушісі» байқауының жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті, онда жобаның ең белсенді қатысушылары мен үйлестірушілерінің жетістіктері атап өтілді.
Біздің аурухана ұжымына директор А.Т.Мұсабеков тұлғасында «Павлодар облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы С.В.Могилюк атынан «Алғыс хат» табыс етілді, аурухананың СӨС үйлестірушісі А.А.Бейсенова конкурсқа қатысушы дипломымен марапатталды.

Лицензия 00986DS


Accessibility