Павлодар облысының бас терапевті, КСРО және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі Марат Сейтымұлы Садықовты еске алу.

04.04.2022

 

2022 жылғы 4 сәуірде Павлодар облысының бас терапевті, КСРО және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Сейтымұлы Садықовты еске алуға арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

Мемориалдық тақта Марат Сейтымұлы Садықовтың 1976-2000 жылдар аралығында тұрған Кривенко көшесі, 49-үйдің қабырғасына орнатылды.

Ашылу салтанатына ондаған адам келді: Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, әріптестері, ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстың денсаулық сақтау саласының ардагерлері, туған-туыстары. М.С.Садықовтың Павлодар облысының денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі туралы естеліктер мен алғыс сөздерін облыс денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Қ.Ситказинов, денсаулық сақтау саласының ардагері С.В.Сыздықов, ардагерлер кеңесінің мүшесі Т.Б.Баймаханов айтып өтті.  Мемориалдық тақтаның ашылуынан кейін шараға қатысушылар, әріптестері мен емделушілерінің жүрегінде мәңгі сақталатын тірі естелікті еске түсіретін гүл шоқтары қойылды.

Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Садықов Марат Сейтымұлы 84 жасқа толар еді. Марат Сейтымұлы еңбек жолын Павлодар орталық аудандық ауруханасында терапевт дәрігері болып бастады. Содан кейін Алматы мемлекеттік медицина институтының аспирантурасында оқыды. 1968-1972 жылдары сол кафедрада ассистент болып жұмыс істеді. 1970 жылы «Павлодар қаласы тұрғындарының кейбір топтары арасында атеросклероздың, атап айтқанда коронарлық аурулардың таралуы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Марат Сейтымұлы Павлодар облысындағы практикалық денсаулық сақтау саласындағы алғашқы дәрігерлердің бірі болып медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 1972 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Садықов М.С. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас терапевті болып тағайындалды, 1998 жылға дейін жұмыс істеді. 1998 жылдан — Семей мемлекеттік медицина университетінің Павлодар филиалы кафедрасының доценті. Марат Сейтымұлы Павлодар облысының практикалық денсаулық сақтау саласында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған алғашқы дәрігерлердің бірі болды. Бас терапевт ретінде ауруханамыздың кардиология бөліміндегі негізгі жұмысын клиникалық жұмыспен ұштастырды.    Сол жылдары облыстық ауруханада облыстың үздік терапевттері жұмыс істеді, бұлар — Ваккер В.Г., Попов М.А., Асайнова Р.К., Феллер В.А., Жданкин В.И. Бұл науқастарды емдеудің жоғары деңгейін анықтады. Марат Сейтымұлы Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жаңадан ашылған кардиология бөлімінің ашылуына үлкен ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетті. Ұзақ жылдар бойы Марат Сейтімұлымен иық тірестіре қызмет етіп жүрген дәрігерлеріміз оның қарапайымдылығымен, адамдармен тіл табыса білуімен таң қалдырды. Ұлағатты ұстаз, ол дәрігерлердің тұтас бір буынын тәрбиелеп шығарды, олардың көпшілігі біздің ауруханада табысты еңбек етуде. Бұлар Қосымбаева Ш.З., Мигуля В.М., Топко Г.В., Амренова С.Т., Сейсенбекова Ж.Б., Смағұлова З.М.

Марат Сейтымұлы – дәрігерлер әулетінің басшысы. Жұбайы Камиля Жұматайқызы екеуі Нариман, Гүлнар, Айгүл атты тамаша балаларды тәрбиелеп өсірді. Ұлы – Нариман Маратұлы Садықов, белгілі дәрігер, Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының урологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты уролог дәрігер. Жұбайы Тота Әлмұханқызы жалпы тәжірибелік дәрігер.   Қызы Гүлнар 1-ші қалалық аурухананың кардиолог дәрігері.  Айгүл – Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми қызметкері.   Жылдар өтті, бірақ біз Марат Сейтымұлын жеке тұлға және үлкен дәрігер, жас мамандардың нағыз тәлімгері ретінде әрқашан жылылықпен, құрметпен еске аламыз.   Марат Сейтімұлының жоғары кәсіби шеберлігін, терең зерделілігін, ерекше қарапайымдылығы мен еңбекқорлығын еске алып, шынайы құрмет көрсете отырып, оның балаларына, немерелеріне және Садықовтар әулетінің болашақ ұрпақтарына осындай өмір мен кәсіби жол тілейміз.

Accessibility