Павлодар облысының дермато-венерологтар қоғамының отырысы

04.01.2018

            2017 жылғы 27 желтоқсанда ШЖҚ «Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық аурухана» КМК-да Павлодар облысының дермато-венерологтар қоғамының отырысы өтті.

            Отырыс барысында 2017 жылдың дермато-венерологтар қызметінің жұмысы туралы қортынды жасалып және 2018 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.

             Павлодар облысының штаттан тыс бас дермато-венерологы Г.Қ.Битигова  «Псориаз. Псориатикалық артрит. Дермато-венерологтың көзқарасы» тақырыбына баяндама оқып, псориатикалық аурудың өзектілігі белгіленіп, псориатикалық науқастарды мультидисциплинарлық емдеу керек екені туралы сөз айтылды.

            Отырысқа Павлодар облысының дермато-венерологтары қатысты.

IMG_0101

Accessibility