Павлодар облысының медициналық ұйымдары арасындағы облыстық спартакиада
Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, дене шынықтыру мен спорт иммундық жүйені нығайтып, түрлі аурулардан сақтануға көмектеседі.
Медицина қызметкерлері арасында дене шынықтыру белсенділігін насихаттау, белсенді, салауатты өмір салтын насихаттау аясында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылғы 14 мамырда облыстағы медициналық ұйымдар арасында облыстық спартакиада ұйымдастырып, өткізді.
Спартакиадаға қатысушылар эстафета, арқан тартыс, ерлер мен әйелдер арасында қол күресі, гір көтеруден сынға түсті.
Медицина қызметкерлері музыкалық нөмірлерді де ұсынды.
Спартакиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды, гір көтеру жарысында Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының командасы құрметті 2 орынды иеленді.
Сапартакиадаға қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, зор денсаулық, амандық тілейміз!