Павлодар облысының тұрғындарына мамандандырылған консультативтік медициналық көмек
2026 жылдың 29-30 маусымында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Медициналық орталығының (ҚР ПӘО МО) күндері аясында ҚР ПӘО МК мамандары, невропатолог Г.К. Жұмабаева және пульмонолог М.А. Есенгельдинова Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емханасында аймақ тұрғындарына консультативтік-диагностикалық көмек көрсетті.
ҚР ПӘО Медициналық орталығы ауруханасының дәрігерлері Қазақстан аймақтарының тұрғындары үшін үнемі көшпелі консультациялар мен шеберлік сабақтарын өткізеді.
Бұл сапар облыстық әкімдік пен ҚР ПӘО Медициналық орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында өтті.
Дәрігерлер арасындағы өзара тәжірибе алмасу және кәсіби дағдыларды жетілдіру Павлодар облысының тұрғындарына мамандандырылған консультативтік медициналық көмекті одан да тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.
Лицензия 00986 DS



