Павлодар облысының үздік медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

21.06.2022

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні жыл сайын маусымның үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күні Гиппократ антын берген барлық дәрігерлерді, медбикелерді, фельдшерді құрметтейді.

Медицина қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында 2022 жылғы 15 маусымда Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасында салтанатты іс-шара өткізілді. Павлодар облысының үздік медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді, денсаулық сақтау саласындағы жетістіктері үшін «Стационардың үздік дәрігері», «Үздік ауыл дәрігері», «Павлодар облысының денсаулық сақтаудың үздік менеджері-ұйымдастырушысы» және т. б. номинациялар бойынша сыйлықтар табыс етілді.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі көп жылғы жұмысы, халық денсаулығын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ҚР ДСМ «Еңбек ардагері» медалімен Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының физиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Синяева Нина Васильевна марапатталды.

«Стационардың үздік дәрігері» номинациясында аурухананың офтальмологиялық бөлімшесінің меңгерушісі Тлеубаев Қасымхан Абылайханұлы жеңімпаз болып танылды, Павлодар облысының әкімі А.Скаковпен қол қойылған адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі, халықтың денсаулығын қорғау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін сертификат табысталды.

Әріптестерімізді жоғары наградаларымен құттықтаймыз! Дендеріңіз сау болып, жұмыстарыңыз тек қанағат әкеліп, сіздің кәсібиліктеріңіз адамдардың игілігі үшін өсе берсін!


Accessibility