Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасынын сайтыңа, Ғ.Сұлтанов атындағы Облыстық аурухананың барлық ұжымына үлкен алғысын білдірген емделуші
Қайырлы күн, Ораз Сарсенғалиұлы!
Владимир Иванович Макаров басқаратын Ғ.Сұлтанов атындағы Облыстық аурухананың травматология-ортопедия бөлімшесінің барлық ұжымына үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Ағымдағы жылдың қаңтарында жамбас буының эндопротезі бойынша операция жасалды, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі арқасында операция ойдағыдай өтті. Операциядан кейін бөлімшенің барлық ұжымы мені «күтті», бұл деген көптеген жылдар бойы ауырсынудан құтылуға мүмкіндік берді.
Мен осы бөлімшенің барлық қызметкерлеріне өте ризамын! Бүгін мен оңалтудан кейін шықтым, ол да әртүрлі медициналық және физиотерапевтік манипуляцияларды қолданумен жоғары деңгейде өткізілді.
Мені қалпына келтіруге қатысып, толық мәнді өмірге оралуына мүмкіндік берген, Ғ.Сұлтанов атындағы Облыстық аурухананың барлық қызметкерлеріне тағы да үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Құрметпен, Самосушева Людмила Александровна. 05.04.19.