Павлодар облысы Железин ауданының шалғайдағы ауылдарында «Медицина жақын» кең ауқымды акциясы
Павлодар облысының Железин ауданының шалғай ауылдарының тұрғындары үшін мамандардың медициналық көмегі «Медицина жақын» іс-шарасы аясында кеңінен қолжетімді болды.
2019 жылдың 20 мамырынан бастап Железин ауданының Есқара, Озерное, Жаңабет, Жамбыл ауылдарының тұрғындары жалпы тәжірибе дәрігері, окулист, гинеколог, стоматолог, отарингологтан кеңес алды, сондай-ақ Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының жылжымалы медициналық кешенінде рентгенге тексеруден өтеді.
Бүгін, 2019 жылғы мамырдың 22-і «Жаңа Жұлдыз» шалғайдағы ауылының тұрғындары жылжымалы медициналық кешенде медициналық тексеруден өтіп және кеңес алады.
Медицина саласындағы үздік мамандардың келуін естігенде, Жаңа Жұлдыз ауылының тұрғындары медициналық кешенге белсенді келіп, мамандарға қаранады.
Медициналық қызметкерлер тобы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу туралы халықпен жұмыс жүргізді.
ЖМК терапевт дәрігері Иманқұлова Гүлнар Салауатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша кеңес берді.