Пациенттерді қолдау қызметі туралы не білесіз?

13.03.2024

Бүгінде әрбір емхана жанында Пациенттерді қолдау қызметі бар.
Олар қажет болған жағдайда МӘМС, сақтандырылушының мәртебесін қалпына келтіру және медициналық көмек алу мәселелері бойынша кеңес бере алады.
Пациенттер бетпе-бет келетін проблемалық жағдайларды жедел шешу де осы қызметтер мамандарының міндеттеріне жатады. Қажет болған жағдайда олар ішкі аудит жүргізіп, оның нәтижелері бойынша Медициналық ұйымның әкімшілігі бұзушылық фактілерін анықтаған немесе растаған жағдайда тиісті шаралар қабылдайды.
ПҚҚ қандай себеппен жүгінуге болады?
шұғыл көмек алу үшін сізден сақтандырылған мәртебесі талап етіледі;
учаскелік дәрігердің болмауы себебінен қабылдаудан бас тартылады;
сіз бейінді маманнан кеңес ала алмайсыз, өйткені ол штатта жоқ немесе оған жазылу бір ай бұрын толтырылған;
сізге МӘМС бойынша қолжетімді диагностикалық немесе зертханалық тексерулерге жолдама берілмейді, алайда сіздің бұл үшін медициналық көрсеткіштеріңіз бар;
сізге жоспарлы тексеруді немесе бейінді мамандардан кеңес алуды 10 жұмыс күнінен артық күтуді ұсынады, алайда бірлесіп орындау шарты бойынша басқа медициналық ұйымдарға жібермейді;
учаскелік дәрігер / медбике немесе фельдшер сіз осы емханаға аумақтық принцип бойынша тіркелген болсаңыз да, үйде шақыру қызметін көрсетпейді;
сізді жүргізілген зерттеудің нәтижелерімен таныстырған жоқ;
қабылдау кезінде дәрігер дөрекілік танытты, өзін дұрыс ұстамады немесе медициналық этиканы бұзды;
сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбадыңыз;
сіз диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәнданасыз;
сіз өзіңіздің медициналық жазбаларыңыздан қате мәліметтерді немесе қосып жазуларды байқадыңыз;
сіз жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның жұмыс сапасына көңіліңіз толмайды;
ТМККК және МӘМС пакеттерінде медициналық көмек алумен байланысты мәселелер бойынша.
Егер сіздің мәселеңізді пациенттерді қолдау қызметі шешпесе, әрқашан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына: fms.kz ресми сайты, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы, qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot байланыс арналары арқылы жүгіне аласыз.

Лицензия 00986 DS



Accessibility