Пандемияның соңғы екі жылында туберкулезден 20 мыңнан астам қазақстандық емделді — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

25.03.2022

Соңғы екі жылда пандемияның теріс әсеріне қарамастан Қазақстанда туберкулезден 20 мыңнан астам пациент емделді.
Халықаралық қауымдастық жыл сайын 24 наурызда Туберкулезбен күрес үнін атап өтіп, адамдардың өміріне қауіп төндіретін осы инфекцияны жоюға күш пен инвестицияны арттыруға шақырады.
Қазақстан бюджет қаражаты есебінен халықаралық стандарттарға сәйкес туберкулезді ерте диагностикалаудың, емдеудің және алдын алудың ең заманауи әдістерін енгізген санаулы елдердің қатарына жатады.
Айта кететін жайт, елімізде туберкулездің алдын алу, диагностикалау және емдеу тегін жүргізіледі.
Мәселен, 2021 жылы МСАК ұйымдарына туберкулезге күдікті белгілері бар 64 382 (99,5%) адам жүгінген. Олардың барлығы туберкулездің микобактерияларының (МБТ) болуын және оның негізгі туберкулезге қарсы рифампицин препаратына сезімталдығын 2 сағат ішінде анықтауға мүмкіндік беретін туберкулездің молекулярлық-генетикалық диагностикасының экспресс әдісімен (Джин-сарапшы) қамтылды. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 6183 (9,6%) адамда әртүрлі сатыдағы туберкулез анықталды.
Бүгінгі күні барлық өңірлік туберкулезге қарсы мекемелер (ТҚМ) және аудандық деңгейдегі зертханалар туберкулезді тез диагностикалауға және оның тұрақты түрлеріне арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Туберкулезді ерте анықтау мақсатында есепті кезеңде флюрографиялық-скрининг 7 554 525 адамға жүргізілді, туберкулездің 4148 жағдайы анықталды; оның ішінде «жоғары қауіп» топтарынан 668 850 адам тексерілді және 1361 адам анықталды.
Жоғары қауіпті топтар арасында туберкулезді анықтау тиімділігі тексерілген 1000 адамға шаққанда 2,0-ді құрады, сезімтал туберкулезбен алғаш анықталған науқастар арасында 85,9%-ды (ДДҰ стандарты — 85%), ал дәріге төзімді туберкулез 80,2% — ды (ДДҰ стандарты-75%) құрады.
Туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында 1 458 843 бала Манту сынамасымен тексеріліп, тексерілгендер арасында 111 ТБ жағдайы анықталды.Елімізде туберкулезді емдеу үшін әлемде қолданылатын барлық туберкулезге қарсы препараттар қолжетімді.

Барлық өңірлік туберкулезге қарсы ұйымдар бейне-телеконференцияларға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген, олардың көмегімен ұлттық және халықаралық сарапшылар online режимінде өңірлік мамандарға консультациялық-әдіснамалық көмек көрсетеді. Тікелей бақыланатын емдеуді жүргізу үшін бейнебақыланатын емдеу (ББЕ) әдісі енгізілді.

Туберкулезді ерте анықтау мен табысты емдеудің маңызды аспектісі халықтың туберкулез туралы жалпы хабардарлығы болып табылады.
Қазақстан 2030 жылға қарай қоғамдық денсаулық сақтау проблемалары ретінде ТБ-ды жою жөніндегі ТДМ-ға қол жеткізуге сеніммен қадам басып келеді.ТБ әлемдегі ең қауіпті жұқпалы аурулардың бірі болып қала береді. Күн сайын 4 100-ден астам адам ТБ-дан қайтыс болады және 30 000-ға жуық адам алдын алуға болатын және емделетін аурумен ауырады.
ТБ-ді жою үшін барлық секторлар — жеке тұлғалардың, қауымдастықтардың, социумдардың, донорлардың және Үкіметтің келісілген әрекеттерімен бүгінгі Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ДДҰ-ын шақыру қажет

Accessibility