Пациенттерді қолдау қызметтері пациенттердеің таптырмайтын көмекшісіне айнаулы тиіс- медициналық сақтандыру қоры

26.04.2022

22 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) Медициналық көмектің сапасын бағалау департаментінің директоры Лаззат Шоманованың қатысуымен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында пациенттердің құқықтарын қорғау және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету бойынша брифинг өтті.Спикер өз сөзінде 2021 жылы Қор азаматтардан келіп түскен 863 мыңнан астам өтінішке, оның ішінде консультативтік сипаттағы сұрақтарға жауап бергенін атап өтті. 15,5-тен астамы — медициналық ұйымдар атына бағытталған. Осы жылдың 1 — тоқсанында спикердің айтуынша, Қорға 208,5 мың өтініш келіп түскен, оның ішінде 5,5 мыңнан астамы медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі мәселелеріне қатысты. «Қорға келіп түскен өтініштер санының өсуі пациенттерді тиісті түрде алып жүрудің және Пациенттерді қолдау қызметтері тарапынан тікелей медициналық ұйымдарда бақылаудың жоқтығын, өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесінің пациенттің мұқтаждықтарына төмен жауап беретіндігін куәландырады», — деді Л.Шоманова.Қор өкілі бүгінгі таңда әрбір медициналық ұйымда сапаның ішкі аудитімен айналысатын Пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы жолға қойылғанын еске салды. Бұл пациенттің сапалы және уақтылы көмек алу құқығы бұзылған жағдайда жүгінуі керек бірінші орын.«Медициналық ұйымдарға Пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысын жолға қою, оларды өз пациенттеріне таптырмайтын көмекші ету және олардың қажеттіліктеріне мұқият болу маңызды», — деп Қор өкілі өз сөзіне қосты.Егер қолдау қызметі бұл мәселені «осында және қазір» қағидаты бойынша шеше алмаса немесе шағымдарға жауап бермесе, пациенттер өз құқықтарын қорғау үшін кері байланыстың ресми арналары арқылы Қорға жүгінуге құқылы.
«Пациенттер сапасыз медициналық көмек көрсетуге, Денсаулық сақтау саласындағы НҚА-ға байланысты ықтимал бұзушылықтарға жүгінген кезде Қор сарапшылары жоспардан тыс мониторинг жүргізеді, оның қорытындысы бойынша медициналық ұйымға экономикалық ықпал ету шаралары қабылданады, сондай-ақ медициналық көмектің сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдау үшін өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларына және Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық фармацевтикалық бақылау комитетіне хаттар жіберіледі», — деп атап өтті Л.Шоманова.⠀
Қор өкілі атап өткендей, 2022 жылдың 1- тоқсанында азаматтардың өтініштері бойынша жоспардан тыс мониторингке 468 шығу жүргізілді.

Accessibility