Перинаталдық орталық қызметкерлері СҚО-дағы тасқында зардап шеккендерге көмектесу акциясына қосылып көмек қолын созды
05.05.2017
Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Солтүстік-Қазақстан облысының тұрғындарына Павлодар облысы гуманитарлық көмек көрсетеді. 5 мамыр күні таңертең №1Павлодар облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері шетте қалып қоймай, СҚО-дағы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсету акциясына қосылды.