Пилоттық жобаның
Қазақстан Республикасының Жоғары медициналық колледждердің клиникалық базасында – тәжірибелі денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбике қызметінің жаңа моделін енгізу бойынша пилоттық жоба басталды
2017 жылдың 9 тамызынан ҚР тәжірибелі денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбике қызметін басқарудың жаңа жүйесін құрауға бағытталған ҚРденсаулық сақтау Министрлігінің бастамасымен пилоттық Жоба өз бастауын алды.
Пилоттық жобаның мақсаты:
Жоғары медициналық колледждің клиникалық базаларында тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдарында мейірбикелік кәсіпке халықаралық талаптар негізінде мейірбикелік қызметтің жаңа моделін әзірлеу және енгізу.
Жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобының құрамына келесілер енді:
халықаралық консультант Йоханна Хейккила (JAMK, Финляндия), «ҚР медициналық колледждер одағы» басқарма төрағасы, РЦРЗ өкілдері, Жоғары медициналық колледждердің директорлары, ҚР тәжірибелі денсаулық сақтау өкілдері (РОО Парыз бірлестігінің Президенті, JCI халықаралық аккредитациясынан өту тәжірибесі бар республикалық клиникалардың мейірбике ісі бойынша директорлар орынбасарлары, пилоттық медициналық ұйымдардың бсшылары.
Мейірбике қызметінің жаңа моделін енгізу үшін жеті аймақтан 29 пилоттық медициналық ұйымдары анықталды: Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары.
ҚР мейірбикелердің кәсіби практика көлемінде және облыстың ағымдағы және қалаулы жағдайын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді, барлығы 641 респонденттер сұралды (19 медицина ұйымдарының басшылары, мейірбике ісі бойынша 24 орынбасарлары, емдеу ісі бойынша 30 орынбасарлары, 231 бөлім меңгерушілері, 337 аға мейірбикелері).
Білім берудің түрлі деңгейіндегі мейірбикелердің кәсіби практикасының 11 облысы анықталды:
Определены 11 областей профессиональной практики медсестер разных уровней образования:
1) мейіргерлік бағалау және жоспарлы күтім жасау; 2) дәрігерлердің мейірбикелерге делегирлеуі; 3) пациенттерді және олардың отбасыларын оқыту және басшылыққа алу; 4) денсаулық сақтау саласының мамандарын біріктіріп коммуникациялау және үйлестіру; 5) пациентке сапалы күтім жасау және қауіпсіздік; 6) денсаулықты нығайту және алдын алу; 7) мейірбикелік дәлелдік практика; 8) кәсіпқойлық; 9) білімді жаңарту; 10) тәлімгерлік/менторинг және супервизия; 11) ҚР практикалық денсаулық сақтау ұйымдарына енгізу үшін басқару және көшбасшылық ұйымдастыру.
Кейіннен әрбір пилоттық жобаның міндеті бойынша қысқаша түйіндеме берілді.