Практикалық ультрасонография. Ультрадыбыстық навигация жағдайында тамырлық қолжетімділік және аймақтық анестезия
2025 жылдың 27-28 маусымында Шымкент қаласындағы №1 перинаталдық орталығында Түркестан облысының анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері үшін Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері, POCUS_Kazakhstan жобасының белсенді жетекшісі, Қазақстан Республикасында ультрадыбыстық диагностика және аймақтық анестезия саласындағы халықаралық оқу курстарын белсенді дамытып жүрген А.Н. Прошунин мен сондай-ақ ультрадыбыстық диагностика дәрігері, С.П.Боткин атындағы қалалық клиникалық ауруханасының (Мәскеу қ.) басшысы, INTERNATIONAL POCUS ACADEMY қауымдастығының директоры, International POCUS Association (IPA) директорлар кеңесінің директоры В.Н.Лыхинның басшылығымен, «Практикалық ультрасонография. Ультрадыбыстық навигация жағдайында тамырлық қолжетімділік және аймақтық анестезия» тақырыбында практикалық курс өтті, Курс белсенді кәсіби алмасуды, практикалық дағдыларды оқытуды және заманауи ультрадыбыстық навигация хаттамаларына терең енуді біріктіретін жылы және өнімді атмосферада өтті. Алған білімдері мен дағдылары дәрігерлердің күнделікті клиникалық тәжірибесінде қолданылып, медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Лицензия 00986 DS